
Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік Open Air концерт өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мерекелік концерт «Астана Арена» стадионы алаңында ұйымдастырылады. Сахнада Маржан Арапбаева, Raim, BAYANSULU, Досымжан Таңатаров, «ABYROI» тобы, Қайрат Баекенов, DOS, «DiEra» триосы, JOSHY QAZAQ NATIONAL GROUP және басқа да қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.
Мерекелік шаралар уақыты:
10:00-ден бастап мерекелік жәрмеңке, дәмді тағамдар, балаларға арналған ойын-сауық ұйымдастырылады. Ал 19:00-де Open Air концерті басталады.