Астанада жөндеу жұмысына байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы ішінара жабылады

Астанада жөндеу жұмысына байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы ішінара жабылады

Астанада орташа жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмысына байланысты мына көшелерде көлік қозғалысы ішінара жабылады:
• С. Шәймерденов және Ж. Нәжімеденов көшелерінің қиылысында – 5 мамыр сағат 19:00-ден 6 мамыр сағат 08:00-ге дейін;
• С. Шәймерденов және А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысында – 6 мамыр сағат 19:00-ден 7 мамыр сағат 08:00-ге дейін.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.