Тазалық эстафетасы: Астанадағы қонақүйлер «Таза Қазақстан» акциясына жаппай қатысты

Тазалық эстафетасы: Астанадағы қонақүйлер «Таза Қазақстан» акциясына жаппай қатысты

Астанада республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қоғамдық пайдалы істер эстафетасы өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған бастаманы қонақүй бизнесінің өкілдері де қолдады: G Empire Hotel ұжымы Comfort Hotel Astana-дан эстафетаны қабылдап, қала аумағын абаттандыру мен тазалауға бағытталған сенбілікке қатысты.

Қызметкерлер аумақты ретке келтіру үшін күш біріктіріп, қоршаған ортаға деген жоғары әлеуметтік жауапкершілік пен белсенділік көзқарасты көрсетті. Іс-шара барысында қонақүй маңайы тазаланып, қоқыс жиналды және қоғамдық кеңістіктер ретке келтірілді.

Қонақүй өкілінің айтуынша, мұндай бастамаларға қатысу – бір реттік акция ғана емес, корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі.

«Біз қаламыздың дамуы мен тазалығына үлес қосу маңызды деп санаймыз. Мұндай іс-шаралар ұжымды біріктіріп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырады. Экологиялық бастамаларды қолдау – Астананың болашағына қосқан үлес», – деді бизнес өкілдерінің бірі.

Айта кетейік, елорданың қонақүйлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді қатысып келеді: қаладағы көптеген қонақүйлер де бастамаға қосылып, өз аумағында тазалық жұмысын жүргізіп жатыр.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan