Астаналық оқушы АҚШ-та өткен дрон-футболдан халықаралық чемпионатта үздік атанды

Астаналық оқушы АҚШ-та өткен дрон-футболдан халықаралық чемпионатта үздік атанды

АҚШ-та өткен FIDA USA Drone Soccer Championship халықаралық жарысында астаналық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. Еліміздің атынан қатысқан Астана қаласындағы №8 мектеп-лицейінің командасы ел намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жеке сайыста команда мүшесі Амантай Арсен 1-орын иеленіп, «Супер пилот» атанды. Ол жарыс барысында ерекше шеберлігімен, жылдам шешім қабылдау қабілетімен және техниканы жетік меңгеруімен көзге түсті. Бұл жетістік – оның табандылығы мен тынымсыз еңбегінің жемісі.

Команда жалпы есепте 2-орын алды. Бұл нәтиже – оқушылардың бірлігі мен ұстаздарының сапалы дайындығының айқын көрінісі.