
Астанада Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 2-9 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан К. Күмісбеков көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.