Астанада А.Байтұрсынұлы мен Қ.Аманжолов көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

Астанада А.Байтұрсынұлы мен Қ.Аманжолов көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

Астанада А.Байтұрсынұлы мен Қ.Аманжолов көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмысы жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысының уақытша толық жабыла, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шектеулер келесі уақыт аралығында енгізіледі:

• 1 мамыр сағат 21:00-ден 2 мамыр сағат 09:00-ге дейін – жол жабынының төменгі қабатын төсеу жұмыстарына байланысты;
• 2 мамыр сағат 21:00-ден 3 мамыр сағат 09:00-ге дейін – жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.