
Астанада Сығанақ және Әйтеке би көшелерінің қиылысындағы бағдаршамды абаттандыру жұмысының жүргізілуіне байланысты, 29 сәуір мен 13 мамыр аралығында көлік қозғалысы ішінара шектелетін болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
ауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.