Астанада Б. Момышұлы даңғылын кешенді абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр

Астананың Алматы ауданында қаланың негізгі даңғылдарының бірі – Б.Момышұлы даңғылын кезең-кезеңімен кешенді абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр.

Жоба заманауи әрі қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған.

2025 жылы Алматы ауданында Б.Момышұлы даңғылы мен Қ.Сәтбаев көшесі аумағындағы брусчатканы ауыстыру жұмысы жүргізілген жоқ.

Сонымен қатар коммуналдық қызметтер сол брусчатканы қайта пайдалану арқылы ішінара жөндеу жұмысын орындаған.

Қазіргі уақытта Б.Момышұлы даңғылында кезең-кезеңімен кешенді жаңарту жұмысы іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, мына жұмыстар қарастырылған:
- инженерлік коммуникациялар тарту (суару және жарықтандыру жүйелері),
- веложол салу,
- ірі көлемді ағаштар отырғызу арқылы көгалдандыру.

Жүргізіліп жатқан жұмыс біртұтас сәулеттік келбет қалыптастыруға, эстетикалық тартымдылықты арттыруға және жайлы қалалық орта құруға бағытталған.

Алынған брусчатка қайта пайдаланылатын болады, оның ішінде даңғыл бойындағы шағын скверлерді абаттандыруда, IBIS қонақ үйінің артындағы аумақта сквер жасау кезінде және қаланың басқа да нысандарында қолданылады.

Жұмысты биылғы абаттандыру маусымында аяқтау жоспарланып отыр.Астанада Б. Момышұлы даңғылын кешенді абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр

Астананың Алматы ауданында қаланың негізгі даңғылдарының бірі – Б.Момышұлы даңғылын кезең-кезеңімен кешенді абаттандыру жұмысы жалғасып жатыр.

Жоба заманауи әрі қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған.

2025 жылы Алматы ауданында Б.Момышұлы даңғылы мен Қ.Сәтбаев көшесі аумағындағы брусчатканы ауыстыру жұмысы жүргізілген жоқ.

Сонымен қатар коммуналдық қызметтер сол брусчатканы қайта пайдалану арқылы ішінара жөндеу жұмысын орындаған.

Қазіргі уақытта Б.Момышұлы даңғылында кезең-кезеңімен кешенді жаңарту жұмысы іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, мына жұмыстар қарастырылған:
- инженерлік коммуникациялар тарту (суару және жарықтандыру жүйелері),
- веложол салу,
- ірі көлемді ағаштар отырғызу арқылы көгалдандыру.

Жүргізіліп жатқан жұмыс біртұтас сәулеттік келбет қалыптастыруға, эстетикалық тартымдылықты арттыруға және жайлы қалалық орта құруға бағытталған.

Алынған брусчатка қайта пайдаланылатын болады, оның ішінде даңғыл бойындағы шағын скверлерді абаттандыруда, IBIS қонақ үйінің артындағы аумақта сквер жасау кезінде және қаланың басқа да нысандарында қолданылады.

Жұмысты биылғы абаттандыру маусымында аяқтау жоспарланып отыр.