Заңгерлер, мемлекеттік органдар және тұрғындар: Астанада ауқымды құқықтық көмек бойынша қабылдау өтті

Заңгерлер, мемлекеттік органдар және тұрғындар: Астанада ауқымды құқықтық көмек бойынша қабылдау өтті

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Байқоңыр ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен азаматтарды ашық диалог форматында көшпелі қабылдау өтті. Іс-шара Иманов көшесі, 20 мекенжайында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығында уәкілетті мемлекеттік органдар мен бейінді ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Акция «Халық заңгері» республикалық бастамасы аясында ұйымдастырылып, тұрғындарға білікті құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталды. Аудан тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қолданыстағы заңнама нормалары бойынша мамандардан тікелей түсіндірме алу мүмкіндігіне ие болды.

Байқоңыр ауданының прокуроры Ерлан Алмазұлының айтуынша, кездесудің басты мақсаты – азаматтарға практикалық құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және өзекті өмірлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

Іс-шараға 20-дан астам мемлекеттік органның өкілдері қатысты. Қабылдау барысында 50-ден астам тұрғын әлеуметтік, тұрғын үй және құқықтық мәселелерді қоса алғанда түрлі сұрақтар бойынша кеңес алды. Өтініш білдірушілерге жан-жақты түсіндірме берілді.

Сонымен қатар қатысушыларға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ақпараттық материалдар, сондай-ақ алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша ұсынымдар таратылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік институттар мен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, азаматтардың тиімді құқықтық қорғауға қолжетімділігін кеңейтеді.

#законипорядок #заңментәртіп