
Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық айлығы жалғасып жатыр. Оның аясында елордада абаттандыру және көгалдандыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда. 25 сәуір күні қала бойынша аумақтарды тазалау акциялары өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Атап айтқанда, 25 сәуір күні елордада аулаларды санитарлық тазалау жұмысы жүргізіледі. Оның ішінде қоқыс жинау, үй маңындағы аумақтарды, балалар және спорт алаңдарын абаттандыру, сондай-ақ ағаш отырғызу жоспарланған.
Қала әкімдігі МИБ (ПИК), бизнес өкілдерін, еріктілерді және белсенді тұрғындарды акцияға қатысып, қалалық ортаны жақсартуға өз үлестерін қосуға шақырады.
Экологиялық айлық тазалық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және тұрғындардың аулалар мен қоғамдық кеңістіктердің жағдайына жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Әрбір тұрғын мен ұйым көшелер мен аулаларды абаттандыруға үлес қосып, қаланы таза, жайлы әрі экологиялық тұрғыдан қолайлы ете алады.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #Жасылболашақ @TazaQazaqstan