
Астанада «Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында көшелерді салу» жобасын іске асыру аясында осы жылдың 26 сәуірі мен 1 қыркүйегі аралығында «Syganaq» БО мен «Ишим» ТК арасындағы қозғалыс толықтай жабылатын болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аталған кезеңде инженерлік желілерді жүргізе отырып, көше құрылысы жұмыстары орындалады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттағыштар орнатылады.