
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 20 сәуірден бастап Кенесары көшесінің Ә.Сембинов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейінгі аралығында жол жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты қозғалыс кезең-кезеңімен жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.