Бакудегі сенсация: елордалық спортшы Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

Бакудегі сенсация: елордалық спортшы Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды

Көркем гимнастикадан Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен әлем кубогының 3-кезеңінде ел намысын қорғаған елордалық Ақмарал Ерекешева жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ақмарал алғаш рет ересектер деңгейіндегі ірі халықаралық жарысқа қатысып, таспа жаттығуында 27.000 ұпай жинап, қола медаль иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын: Дарья Варфоломеева (Германия, Париж Олимпиадасының чемпионы) – 28.800 ұпай;
2-орын: София Раффаэли (Италия, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) – 28.500 ұпай;
3-орын: Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) – 27.000 ұпай.

Ақмарал Ерекешева жарыс барысында Азия ойындарының чемпионы Тахмина Икромова (Өзбекстан), әлем чемпионатының жүлдегері Таисия Онорийчук (Украина) және Болгария өкілі Стилияна Николованы артта қалдырды.

Сондай-ақ жерлесіміз көпсайыс нәтижесінде үздік ондыққа енді.