
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Сарайшық ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп «Astana LRT» қызметкерлері және басшылығымен кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жиналысқа әкімдік өкілдері, төтенше жағдайлар басқармасы, полиция органдары, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және еңбек инспекциясы қатысты.
Кездесу барысында қызметкерлердің еңбек құқығын сақтау мәселелері талқыланды.
Жобаның басшыларына қызметкерлердің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өртке қарсы және санитарлық нормалардың талаптарын сақтау бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, қызметкерлермен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әңгімелесу өткізілді.
Бұл іс-шара қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып саналады.
#законипорядок #заңментәртіп