
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мына көшелердің қиылысында орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жөндеу жұмысы мына көшелердің қиылысында жүргізіледі:
– Республика даңғылы мен А. Иманов көшесі;
– Республика даңғылы мен Кенесары көшесі;
– Республика даңғылы мен Абай даңғылы.
Осыған байланысты 19-21 сәуір аралығында аталған учаскелерде қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.