
Астанада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өтті. Іс-шараға «Нұрлы жол» вокзалы мен «Сарайшық» аудандық полиция басқармасының қызметкерлері белсенді қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Акция барысында ҚТЖ мен полицияның 150-ден астам қызметкері вокзал аумағын тазалап, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
«Нұрлы жол» вокзалының бас инженері Ермахан Байдәулетов бұл бастаманың маңызын атап өтті.
Оның айтуынша, вокзал тек жолаушыларға қызмет көрсететін нысан ғана емес, сонымен қатар қала экологиясына әсер ететін маңызды орта.
«Қазақстан темір жолы» ұжымы «Таза Қазақстан» бастамасын толық қолдайды.
Бұл акция – қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Қызметкерлеріміз теміржол аумақтарын күтіп ұстауға, көгалдандыру жұмыстарына және қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуда.
Біз әрбір азаматты табиғатты аялауға, тазалықты сақтауға шақырамыз. Таза орта – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз, – деді ол.
Жалпы, «Таза Қазақстан» бастамасы ел бойынша экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты қорғауға және қоғамның белсенділігін арттыруға бағытталған.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan