«Таза Қазақстан»: елордада 5 мыңнан астам құрылысшы экологиялық акцияға қатысты

«Таза Қазақстан»: елордада 5 мыңнан астам құрылысшы экологиялық акцияға қатысты

Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасы аясындағы айлық жалғасып жатыр. Оған құрылыс саласының өкілдері белсенді қатысуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кезекті экоакцияға елордада 5 мыңнан астам құрылысшы шықты. Санитарлық тазалық жұмысына BAZIS-A, Sensata Group, «Integra Construction KZ», Sat NS, Beles Holding, SvoyDom, NAK және басқа да компаниялардың қызметкерлері қатысты.

Есіл ауданы әкімінің кеңесшісі Құралай Слямбекованың айтуынша, «Таза Қазақстан» акциясы тұрақты дәстүрге айналған. Құрылысшылар қажетті құралдармен толық қамтылып, аумақтарды жедел түрде ретке келтірген.

Тек «Жетісу» саябағының өзінде құрылыс компанияларының 300-ге жуық өкілі жұмыс істеді.

Компания өкілдерінің пікірінше, мұндай шаралар экологиялық жауапкершілікті арттырып, бизнестің қалаға деген қамқорлығын көрсетеді.

Қатысушылар да бұл бастаманы қолдайтынын айтып, таза ауадағы жұмыс тек қалаға ғана емес, ұжым ішіндегі қарым-қатынасқа да оң әсер еткенін атап өтті. Акция барысында бір тоннаға жуық қоқыс пен қурай жиналды.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan