
Елордада Алматы ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Жас үміт» жобасын іске асыру аясында «Психологиялық қолдау орталығы» және «Қалалық психикалық денсаулықты сақтау орталығымен» бірлесіп, ауданның барлық мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтарының қатысуымен жұмыс кездесуі өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға 80-нен астам адам қатысты.
Кездесудің мақсаты – балаларға қатысты қылмыстың алдын алу мәселелерін шешу.
Оқушылардың психоэмоционалдық жай-күйі, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу мәселелері қарастырылды.
Тәуекел тобына жататын балаларды ерте анықтау, буллингтің алдын алу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай тәсілдер әзірленді.
#законипорядок #заңментәртіп