«Заң мен тәртіп»: прокурорлар «Астана Тазалық» қызметкерлерімен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп»: прокурорлар «Астана Тазалық» қызметкерлерімен кездесу өткізді

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында прокуратураның қызметкерлері уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп «Астана Тазалық» ЖШС-нің 50-ден астам қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында қолданыстағы заңнама мәселелері талқыланды.

Іс-шара барысында қызметкерлерге азаматтық, сақтандыру, әлеуметтік және еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді
Дәріс интерактивті форматта өтті: ұжым өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып оларға нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.

#законипорядок #заңментәртіп