ШҚО драма және оперетта театры Астанада «Mamma Mia!» музыкалық спектаклін сахналайды

ШҚО драма және оперетта театры Астанада «Mamma Mia!» музыкалық спектаклін сахналайды

Астанада Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасында ШҚО драма және оперетта театры көрермен назарына жарқын музыкалық «Mamma Mia!» спектаклін ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Театрдың оперетта труппасы небәрі екі жыл бұрын құрылғанына қарамастан, қысқа уақыт ішінде жергілікті көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, өңірдің мәдени өмірінде өзіндік орны бар ұжымға айналды. Енді шығармашылық ұжым өз өнерін елорда көрерменіне алғаш рет ұсынбақ.

Қойылымға театрдың жетекші солистері, хор, балет және симфониялық оркестр қатысып, сахнада кең ауқымды әрі әсерлі музыкалық көрініс жасайды.

Спектакльдің негізін әлемге әйгілі ABBA тобының хит әндері құрайды. Жанды музыка, шынайы эмоция және ерекше сахналық шешімдер көрерменге ұмытылмас әсер сыйлайды.

«Mamma Mia!» – махаббат пен өмір қуанышын дәріптейтін, көрерменді жарқын сезімге бөлейтін әсерлі қойылым.

Іс-шара 17 сәуір күні сағат 18:00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында өтеді.