Астанада Абай даңғылының бөлігі уақытша жабылады

Астанада Абай даңғылының бөлігі уақытша жабылады

Астанада Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі Абай даңғылының бөлігіне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 14-20 сәуір аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Жүргізушілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеруі қажет.