Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады

Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады

Астанада «Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көшелер құрылысы» жобасын жүзеге асыру аясында, осыжылдың 15 сәуірі мен 1 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі учаскеде жол толықтай жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Емханаға кіру жолдары Мәңгілік Ел даңғылы жағынан қамтамасыз етіледі.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.