
Астанада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ірі құрылыс компаниялары «Таза қала» бастамасын қолдап, қала тазалығын сақтауға бағытталған шараларға белсенді қатысып келеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Солардың бірі – Bazis-A компаниясы. Ұжым елордадағы жалпықалалық сенбілікке қатысып, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жұмыстарға белсене атсалысты.
Іс-шараға 1119 қызметкер мен 24 арнайы техника жұмылдырылды. Акция барысында аумақтарды тазалау, абаттандыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде шамамен 45 тонна қоқыс шығарылды.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаҚала @TazaQazaqstan