«Таза қала»: Sat NS Астанадағы қалалық сенбілікке белсенді қатысты

«Таза қала»: Sat NS Астанадағы қалалық сенбілікке белсенді қатысты

Астанада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қала тазалығын қолдауға бағытталған «Таза қала» бастамасы өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Sat NS құрылыс компаниясы да республикалық экологиялық акцияға қосылып, елордадағы жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты.

Іс-шараға компанияның 893 қызметкері мен 50 арнайы техникасы жұмылдырылды. Акция барысында аумақтарды тазалау, абаттандыру және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстары жүргізілді.

Бұл бастама Sat NS компаниясының экологиялық жобаларды қолдауға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып саналады. Осылайша құрылыс компаниясы қалалық ортаның жайлылығын арттыруға өз үлесін қосып келеді.

#ТазаКазакстан #экология

#TazaChallenge #ТазаКала

@TazaQazaqstan