Алаяқтық, дропперлік, есірткі қылмыстары: Астанада мектеп оқушыларына арнайы дәріс өткізілді

Алаяқтық, дропперлік, есірткі қылмыстары: Астанада мектеп оқушыларына арнайы дәріс өткізілді

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қалалық прокуратура мектеп оқушыларына арнап дәріс өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында оқушыларға қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері түсіндіріліп, жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері – алаяқтық, дропперлік, есірткі қылмыстары және өзге де заңға қайшы әрекеттер бойынша қандай жаза қарастырылғаны туралы ақпарат берілді.

Аталған іс-шараға 9-11 сыныптарда оқитын 130 оқушы қатысты. Оның мақсаты – мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдердің қылмыстық схемаларға тартылу қаупін азайту және құқық бұзушылықтарға төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Қала прокуратурасының мәліметінше, білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыс кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың негізгі тетіктерінің бірі саналады.

#законипорядок #заңментәртіп