Астанада ауқымды экологиялық айлық басталады

Астанада ауқымды экологиялық айлық басталады

Астанада «Таза Қазақстан – жауапкершілік белесі» атты ауқымды экологиялық айлық басталады. Оның аясында елордада «Таза қала» жалпы атауымен бірқатар абаттандыру шарасы өткізіледі. 11 сәуір күні қала бойынша тазалық пен абаттандыру акциялары ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл күні елорда аумағында санитарлық тазалау жұмысы жүргізіліп, қоқыстарды жинау, саябақтар мен гүлзарларды, тұрғын үй аулаларын, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандар, қоғамдық тамақтану орындары және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды ретке келтіру жұмыстары атқарылады.

Әкімдік кәсіпорындарды, мүлік иелері бірлестіктерін (МИБ), шағын және орта бизнес өкілдерін, еріктілерді және қала тұрғындарын экологиялық акцияға белсене қатысып, ортақ іске үлес қосуға шақырады.

Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоғам назарын қала тазалығын сақтау мәселесіне аудару және тұрақты экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Әрбір тұрғын мен ұйым қала көшелері мен аулаларын абаттандыруға үлес қосып, оны таза, қолайлы әрі экологиялық тұрғыдан қауіпсіз етуге атсалыса алады.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаҚала @TazaQazaqstan