Айбек Оралбай Азияның үш дүркін чемпионы атанды

Айбек Оралбай Азияның үш дүркін чемпионы атанды

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында бокстан ерлер арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері аяқталды. Ел намысын қорғаған тағы бір астаналық боксшы Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті алтын медаль салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айбек Оралбай (+92 кг) финалда Қытай өкілі Данабек Байқоңыспен кездесіп, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз ересектер арасындағы құрлық біріншілігінде үшінші рет алтын жүлде иеленіп отыр.

Ұлан-Батырдағы жарыста ол финалға дейін сенімді өнер көрсетті: ширек финалда Өзбекстан боксшысы Арман Махановты, ал жартылай финалда Түрікменстан өкілі Довлет Исламовты жеңді.

Нәтижесінде, Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатын 4 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен аяқтады.