Астанада «Самал» саябағына кіреберіс жолда жөндеу жүргізіледі

Астанада «Самал» саябағына кіреберіс жолда жөндеу жүргізіледі

Астанада Керей мен Жәнібек хандар көшесі жағынан «Самал» саябағына кіреберіс жолда жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты осы жылдың 10-15 сәуірі аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай шектеледі.

Жүргізушілер қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруі қажет.