
Астана қаласындағы №115 жалпы орта мектебінің оқушылары INFOMATRIX-ASIA 2026 халықаралық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, қола медаль иеленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жеңімпаздар енді Италияда өтетін әлемдік кезеңде ел намысын қорғайды.
Аталған байқаудың іріктеу кезеңіне оннан астам елдің оқушылары қатысып, үздіктер финалға жолдама алды.
Олардың қатарында елордалық келешек мектептің QYRAN FLYERS командасы бар. Команда Drone Soccer категориясында заманауи IT бағытында жоғары ұпай жинап, шеберліктерін көрсетті.
Олар Максим Ан, Мадияр Өсербай, Талғар Алдабергенов, Алғыр Айжанов және Нұрғиса Тұрғынбай.