
Астанада 21 наурыз күні сағат 14:00-де Халықаралық EXPO көрме орталығында «Наурыз базары» азық-түлік жәрмеңкесі ашылды. Мұнда «Алтын сапа» сыйлығының қатысушылары мен жеңімпаздарын қоса алғанда, отандық өндірушілердің өнімдері ұсынылған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеге Қазақстанның 50 өндірушісі қатысуда. Келушілер табиғи өнімдерді сатып алып, жергілікті брендтермен танысып, отандық өндірісті қолдай алады.
Ашық аспан астындағы фудкорттар көшесі ерекше назар аудартады. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық тағамдардан дәм татып, мерекелік атмосфераны толық сезіне алады. Сондай-ақ мұнда Наурыз көжеге арналған үлкен қазан орнатылған. Жанында түрлі тағамдар ұсынылатын гастрономиялық павильондар орналасқан: дәмді қуырдақ, хош иісті ыстық бауырсақ, тойымды палау және жаңа піскен самса.
Мерекелік көңіл күй, дәмнің алуан түрлілігі мен кең дастархан бұл гастрономиялық аймақты елордадағы Наурыз мейрамының басты тартымды орындарының біріне айналдырды.
Іс-шаралар 22-23 наурыз күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жалғасады.