
«Елорда циркі» МКҚК-да 21 наурыз бен 5 сәуір аралығында Наурыз мерекесіне арналған ауқымды цирктік бағдарлама – Наурыз Show өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бағдарламада:
• цирк күмбезінің астында өнер көрсететін әуе гимнастары;
• манежде өнер көрсететін акробаттар мен шебер әртістер;
• заманауи жарық және музыкалық қойылымдар;
• балалар мен ересектерге арналған арнайы нөмірлер ұсынылады.