Ауқымды дрон-шоуды қашан және қайда көруге болады

Ауқымды дрон-шоуды қашан және қайда көруге болады

Астанада Наурыз мейрамын тойлау барысында ауқымды дрон-шоу өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

21 наурыз күні сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін «Қазақ Елі» алаңында Астананың аспаны алып экранға айналады. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ұлттық символдармен жарық шоу көрсетіледі.

Аспанда қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрін бейнелейтін анимациялық композициялар пайда болады.

Айта кетейік, «Наурызнама» онкүндігі аясында Астанада 200-ден астам іс-шара өтіп жатыр: концерттер мен ұлттық ойындардан бастап, жәрмеңкелер мен шеберлік сабақтарына дейін.