«Заң мен тәртіп»: Астанада студенттер мен оқушыларға арналған сот процесі өтті

«Заң мен тәртіп»: Астанада студенттер мен оқушыларға арналған сот процесі өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында елорданың Сарыарқа ауданы прокуратурасы «Тұран-Астана» университетінің студенттеріне арналған сот процесінің симуляциясын ұйымдастырды. Іс-шара жастар арасында құқық бұзылуға қарсы көзқарас қалыптастыруға, есірткі қылмыстарының салдарының ауырлығын түсіндіруге, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаларын нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті алдын алу мақсатында түсіндіру. Процестің негізі ретінде есірткі сатумен байланысты қылмыстық іс қарастырылды, бұл әсіресе жастар арасында кең таралған және қоғам үшін аса қауіпті қылмыс түрлерінің бірі.

Аталған бастаманың ерекшелігі – мектеп оқушыларының онлайн форматта қатысуы болды. Бұл аудиторияны кеңейтіп, алдын алу сипатындағы ақпаратты кәмелетке толмағандарға жеткізуге мүмкіндік берді.

Іс-шара қатысушылары интерактивті форматта сот талқылауының барысымен, процеске қатысушылардың рөлдерімен және қылмыс жасаудың құқықтық салдарымен танысты.

«Тұран-Астана» университетінің заң факультетінің үшінші курс студенті Әлихан Назымбеков мұндай процестерге қатысу құнды тәжірибе беретінін атап өтті.

«Бүгін мен куәгер рөліндемін, Астана қалалық полиция департаментінің қызметкері, тергеу бөлімінің тергеушісі ретінде қатысып отырмын. Бұл мен үшін екінші осындай тәжірибе болып отыр. Осыған дейін басқа университетте өткен симуляциялық процеске қатысқанмын. Мұндай іс-шаралар өте пайдалы, себебі практикалық тәжірибе береді: қызметтегі мамандар өз білімдерімен бөлісіп, нақты сот отырысының қалай өтетінін көрсетеді.

Болашақ мамандығыма келетін болсам, әлі нақты шешім қабылдаған жоқпын. Оқуымды аяқтауға шамамен бір жылдай уақыт қалды, осы семестр және тағы жарты жыл», — деді Әлихан Назымбеков.

Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға бағыну құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді.

#законипорядок #заңментәртіп