«Заң мен тәртіп»: Астанада колледж студенттеріне құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі түсіндірілді

«Заң мен тәртіп»: Астанада колледж студенттеріне құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі түсіндірілді

Астанада «Наурыз» мерекесі қарсаңында қала прокуратурасының қызметкерлері «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің студенттерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында студенттерге мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында прокурорлардың тәжірибесінде кездескен әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша қызықты кейстер талқыланды.

#законипорядок #заңментәртіп