Волонтерлар Астана тұрғындарына бауырсақ таратты

Волонтерлар Астана тұрғындарына бауырсақ таратты

Елордада «Наурызнаманың» онкүндігі аясындағы Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күнінде «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлары «Бауырсақ біріктіреді» акциясын өткізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Акция барысында ерікті жастар қала тұрғындарына бауырсақ таратып, қайырымдылықты насихаттауды мақсат етті.

«Астаналықтарды көктемнің жылы шуақты күнінде қуантайын деп ойладық. Ұлыстың ұлы күніне орай 6 кг бауырсақ тараттық. Осылайша жылулық пен жақсы көңіл-күй сыйлағымыз келді», – деп бөлісті өз сөзінде волонтерлардың бірі Аяна Құрмантай.