Астанада қар күреу жұмысына мыңдаған жол жұмысшысы жұмылдырылды

Астанада қар күреу жұмысына мыңдаған жол жұмысшысы жұмылдырылды

Елорданың коммуналдық қызметі қыс мезгілі басталғалы бері тоқтаусыз, күні-түні жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Өткен түнде елордадан қар полигондарына 3 652 ауыр жүк көлігінің рейсі арқылы 63 132 текше метр қар шығарылды.

13 наурыз күні таңертең қаланы қар мен көктайғақтан тазартуға шамамен 1 791 арнайы техника мен 2 973 жол жұмысшысы тартылды.

Алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалық жүргізіледі.

Қыс мезгілі басталғалы бері қар полигондарына 485 576 рейспен 7 млн 342 мың 455 текше метр қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдар, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде. Бұл жұмыстар да тәулік бойы атқарылып жатыр.

Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс жолға шықпауға шақырады.