
Астанада ауа райына байланысты колледждің 1-2 курс студенттері мен мектеп оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«2026 жылғы 11 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.