
Түркияның Анталия қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Халықаралық додаға 21 елден 600-ге жуық спортшы қатысып, екі күн бойы татамиде жүлделі орындар үшін өзара мықтыны анықтады.
Аталған жарыста Астана қаласының спортшысы Қонысбек Шыңғыс (-90 кг) жоғары нәтиже көрсетіп, қола жүлдегер атанды.
Жалпы жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.