
Елордада «Urban» колледжінің студенттерімен кездесу өтіп, онда елдегі экологиялық ахуал, тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселелері және пластикті қайта өңдеу тақырыптары талқыланды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Кездесу қосымша білім беру жөніндегі елордалық оқу-әдістемелік орталықтың бастамасымен ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыру.
Кездесу барысында спикерлер қалдықтарды азайту, сұрыптау және қайта өңдеу бағытындағы нақты тәжірибелерімен бөлісті.
Ресми бөлімнен кейін студенттер үшін викторина мен көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде қайта өңделген материалдардан жасалған бұйымдар таныстырылып, қалдықтарға қайта қолданудың нақты мысалдары көрсетілді.