Астанада 8 наурыз қарсаңында азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Астанада 8 наурыз қарсаңында азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Халықаралық әйелдер күніне орай, 7 және 8 наурыз күндері елордада азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, бәліштер, пісірілген нан-тоқаштар, табиғи шырындар, джемдер және тағы басқа өнімдерді арзан бағада сатып ала алады.

Сонымен қатар, 8 наурыз қарсаңында жәрмеңкеде гүл өнімдері сатылымға шығады – келушілер жаңа шыққан гүлдер мен мерекелік гүл шоқтарын ала алады.

Іс-шара 7 және 8 наурыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «Keryen Joly» сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.

Қонақтардың ыңғайлығы үшін жәрмеңке орындарының жанында №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317 автобус маршруттары жүреді.