Елордалық боксшы «Странджа» турнирінің қола жүлдегері атанды

Елордалық боксшы «Странджа» турнирінің қола жүлдегері атанды

Болгария астанасы Софияда бокстан 77-ші халықаралық «Странджа» турнирі өз мәресіне жетті. Дәстүрлі додаға 31 мемлекеттен 338 боксшы қатысып, жүлделер үшін жоғары деңгейде сынға түсті. Ел намысын қорғаған Астана қаласының өкілі, ұлттық құраманың тәжірибелі спортшысы және әлем чемпионы Валентина Хальзова 75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, турнирдің қола медалін жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстаннан жарысқа 39 спортшы шықты.

Жартылай финалда отандасымыз 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, аустралиялық Эмма-Сью Гринтримен тартысты кездесіп, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен ұтылып қалды.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс және 3 қола медальға ие болды.