«Заң мен тәртіп»: Астанада тегін заңгерлік көмек қолжетімді бола түсті

«Заң мен тәртіп»: Астанада тегін заңгерлік көмек қолжетімді бола түсті

Елордадағы Алматы ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Іс-шараның бастамашысы – аудан прокуратурасы, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жобаның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың білікті заңгерлік көмекке қолжетімділігін кеңейту. Акция аясында тұрғындар тегін кеңес алып, өзекті құқықтық мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік алды.

Іс-шара жұмысына 30-дан астам мемлекеттік орган, қоғамдық бірлестік пен салалық ұйым қатысты. Мамандар тұрғын үй құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек қатынастары, отбасылық заңнама және өзге де бағыттар бойынша кеңес берді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер азаматтарға нақты көмек көрсетіп қана қоймай, қосымша талдау мен заңнаманы жетілдіруді қажет ететін жүйелі мәселелерді анықтауға да мүмкіндік береді.

«Халық заңгері» акциясы елорданың барлық ауданында жалғасады. Жоба қала тұрғындарының әрқайсысына білікті заңгерлік көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.

#законипорядок #заңментәртіп