
Астанада ауа райына байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайнға ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«2026 жылғы 27 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.