«Заң мен тәртіп»: Астанада есірткі қылмысының алдын алу үшін арнай кездесу өтті

«Заң мен тәртіп»: Астанада есірткі қылмысының алдын алу үшін арнай кездесу өтті

Елорданың Сарыарқа ауданы әкімдігінде «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Астана – есірткісіз қала» іс-шаралар жоспары аясында прокуратурамен бірлескен кездесу өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қызмет көрсетуші ұйымдардың өкілдерімен есірткі заттарының таралу тәсілдері, оның қазіргі әдістері және оған қарсы нақты іс-қимылдар талқыланды.

Көпқабатты тұрғын үйлердегі алдын алу шараларына басымдық берілді. ПИК/МИБ басшыларына подъезддер мен лифтілерде орналастыру үшін ақпараттық материалдар табысталды. Басты мақсат – тұрғындардың сақтығын арттыру және күмәнді әрекеттерді дер кезінде анықтау.

Есірткіге қарсы жұмыс құқық қорғау және қадағалау органдарымен тығыз өзара іс-қимыл арқылы жалғасады.

#законипорядок #заңментәртіп