Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады

Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады

Астана қаласында ауа райына байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«2026 жылғы 26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», – делінген Білім басқармасының хабарламасында.