Астанада 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады

Астанада 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады

Астанада 0-9 сынып оқушылары ауа райына байланысты қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«2026 жылғы 26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады» – делінген Білім басқармасының хабарламасында.