«Мейірімділіктің – ізгілік жолы»: Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді

«Мейірімділіктің – ізгілік жолы»: Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді

Астанада Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Алғыс айту күніне орай «Мейірімділіктің – ізгілік жолы» атты қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл күні орталықтың зейнеткерлері қала игілігі үшін күн сайын еңбек етіп жүрген коммуналдық қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетті. Аязды күндері көшелерді тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық шай, бауырсақ пен тәтті тоқаштар таратты.

Акция барысында зейнеткерлер олардың қажырлы еңбегі, жауапкершілігі мен қала тазалығына қосқан үлесі үшін шынайы алғыстарын білдірді. Жылы сөздер мен тәтті-дәмділер суық күнде қолдау мен жанашырлықтың белгісіне айналды.

Бұл іс-шара адамдардың еңбегін бағалап, бір-біріне мейірім мен қамқорлық көрсету қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.