
Астанада «Халық бухгалтері» акциясы өтіп жатыр. Оның аясында қала тұрғындары салық және бухгалтерлік есепке қатысты сұрақтарына жан-жақты жауап ала алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәліметінше, акция жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне салық және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша тегін кеңес беруге бағытталған.
Жоба 2026 жылдың қаңтар айында басталған. Бүгінге дейіг мемлекеттік кірістер органдарының мамандары мен кәсіби бухгалтерлер 3 мыңнан астам астаналыққа консультация берді.
Мамандардың айтуынша, акция кәсіпкерлердің салықтық сауаттылығын арттыруға және салық салу мәселелерін дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.
Қаңтар-ақпан айларында кеңестер аптасына үш рет өткізілсе, наурыз айынан бастап аптасына екі рет ұйымдастырылып келеді.
Кеңес беру орындарының мекенжайлары ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған – @astana_mkd_dgd_astana.
Акция 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.