Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астанада 28 ақпан мен 1 наурыз күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, нан-тоқаштар, табиғи шырындар, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды қолжетімді бағада сатып ала алады.

Іс-шара 28 ақпан және 1 наурыз күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тас жолы, 35Б) өтеді.

Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағытындағы автобустар қатынайды.