«Заң мен тәртіп»: елордалық кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді

«Заң мен тәртіп»: елордалық кәсіпкерлерге салық заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астанада жаңа Салық кодексіне қатысты түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Кездесулерді Байқоңыр ауданының прокуратурасы мен Мемлекеттік кірістер басқармасы ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шаралар түсіндіру-профилактикалық сипатқа ие және халық пен кәсіпкерлік субъектілерін салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер туралы хабардар етуге, сондай-ақ оның талаптарын бірізді түсінуді қалыптастыруға бағытталған.

Кезекті түсіндіру кездесуі «Астаналық» сауда орталығының аумағында өтті. Уәкілетті органдардың өкілдері жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін және оны практикалық қолдану тәртібін түсіндірді.

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында аудан прокуратурасының бастамасымен және Мемлекеттік кірістер басқармасы мен аудан әкімдігінің қолдауымен кәсіпкерлік субъектілерін Салық кодексінің жаңа ережелері туралы ақпараттандыруға бағытталған түсіндіру-профилактикалық іс-шара өткізіп отырмыз. Кездесулерді өткізу үшін шағын және орта бизнес субъектілері шоғырланған сауда орталықтары, базарлар мен бизнес-орталықтар әдейі таңдалады», – деді Байқоңыр ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Қазбекби Берғалиұлы.

Оның айтуынша, мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – алдын алу шараларын қабылдау және құқық қолдану тәжірибесін дұрыс қалыптастыру. Іс-шара барысында 100-ден астам кәсіпкер қамтылды.

«Салық заңнамасындағы жаңа нормаларды кәсіпкерлерге дер кезінде жеткізу маңызды, бұл болашақта құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Біз негізгі өзгерістерді, оларды қолдану тәртібін түсіндіріп, туындаған сұрақтарға жауап береміз. Кәсіпкерлерде нормативтік құжаттардың үлкен көлемін зерделеуге уақыт жиі жетіспейді, сондықтан түсіндіру жұмысының түрлі форматтарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қолданылады және жеке кездесулер өткіземіз», – деп атап өтті прокурор.

Мұндай кездесулер ашық диалог форматында өтіп, кәсіпкерлерге қажетті кеңесті қолжетімді түрде алуға мүмкіндік береді.

#законипорядок #заңментәртіп